Білім берудің инновациялық экожүйесі  ауылдық аумақтардың еңбек әлеуетін басқару факторы ретінде

Авторлар

  • Г.И. Нуржанова Астана халықаралық университеті image/svg+xml , Астана халықаралық университеті, Астана, Қазақстан
  • Г.Т. Лесбаева Астана халықаралық университеті, Астана, Қазақстан
  • С. Дырка Бизнес университеті, Катовице, Польша Республикасы

DOI:

https://doi.org/10.62687/ESM.8.1.2025.8

Кілт сөздер:

білім берудің инновациялық экожүйесі, еңбек әлеуетін басқару, ауылдық аумақтар, көші-қон, кадр тапшылығы.

Аңдатпа

Қазақстан экономикасын жаңғырту жағдайында ауылдық аумақтардың еңбек әлеуетін басқарудың негізгі құралы ретінде білім берудің инновациялық экожүйесін қалыптастыру ерекше маңызға ие болып отыр. Зерттеу мәселесі ауылдық жерлерде, әсіресе аграрлық, инженерлік-техникалық және медициналық салаларда білікті кадрлардың тапшылығының сақталуында, бұл өз кезегінде өңірлердің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіруінде.

Зерттеу жұмысының мақсаты – Қазақстанның ауылдық аумақтарындағы еңбек әлеуетін дамыту мен тиімді пайдалану процесінде инновациялық білім беру ортасының рөлін айқындау. Зерттеу барысында статистикалық және салыстырмалы талдау әдістері, сондай-ақ жүйелік және құрылымдық-функционалдық тәсілдер қолданылды. Эмпирикалық негіз ретінде халықтың жасы мен білімі бойынша жұмыспен қамтылу деректері, техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының саны, студенттер мен жоғары оқу орындарының көрсеткіштері пайдаланылып, кадрлық әлеуетті қалыптастырудағы үрдістер мен теңсіздіктер анықталды.

Зерттеу нәтижелері ТжКБ жүйесіндегі студенттер санының өскенін, алайда кәсіби білім алып жатқан ауыл жастарының үлесі азайғанын көрсетті. Еңбек ресурстарының жас құрылымы қартаю үрдісімен сипатталады, ал жоғары білімді мамандардың үлесі төмен деңгейде қалып отыр. Бұл факторлар білім беру бағдарламаларын жаңартудың, дуальды оқытуды дамытудың және жұмыс берушілердің кадр даярлауға қатысуын кеңейтудің қажеттілігін көрсетеді.

Зерттеудің практикалық маңызы – ғылым, бизнес және жергілікті билік органдарының интеграциясын қамтитын білім берудің инновациялық экожүйесін нығайту бойынша ұсыныстар әзірлеуде. Мұндай шараларды іске асыру адами капитал сапасын арттыруға, ауыл жастарының көші-қонын азайтуға және Қазақстанның ауылдық өңірлерін аграрлық сектордың инновациялануы мен цифрландырылуы негізінде тұрақты дамытуға мүмкіндік береді.

Автор өмірбаяндары

  • Г.И. Нуржанова, Астана халықаралық университеті, Астана халықаралық университеті, Астана, Қазақстан

    экономика ғылымдарының магистрі, Экономика жоғары мектебі, Астана Халықаралық университеті, Астана,  Қазақстан, е-mail: g.nurzhanova@aiu.edu.kz, https://orcid.org/0000-0002-1456-2157

  • Г.Т. Лесбаева, Астана халықаралық университеті, Астана, Қазақстан

    экономика ғылымдарының докторы, профессор, экономика Жоғары мектебі, Астана Халықаралық университеті, Астана, Қазақстан, e-mail:g.lesbaeva@aiu.edu.kz, https://orcid.org/0000-0003-0689-4757

  • С. Дырка, Бизнес университеті, Катовице, Польша Республикасы

    экономика ғылымдарының докторы, профессор, Бизнес университеті, Катовице, Польша Республикасы, e-mail: stefandyrka@gmail.com, https://orcid.org/0000-0002-5677-0675

Жарияланды

2025-12-30

Журналдың саны

Бөлім

Статьи