Аңдатпа

Мақалада ұйымның мақсаттарына жету үшін қаржылық ақпаратты анықтау, өлшеу, талдау, түсіндіру және менеджерлерге беру процесі ретінде ұсынылған қазіргі заманғы басқарушылық есептің ерекшеліктері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты реттінде кәсіпорынның сатып алу қызметін тиімді ұйымдастырудың қазіргі заманғы мәселелерін, сонымен қатар өнімді сатып алу және өткізу бойынша кәсіпорындарда басқару есебін ұйымдастыру болып қарастырылған.

Сатып алу және жабдықтау процесінде қабылданған басқару шешімдерінің тиімділігін негіздеу сияқты міндеттерді зерделеуге ерекше назар аударылады; жауапкершілік орталықтарын анықтай отырып, іс-шаралардың тиімділігін анықтау; және компанияның сатып алу қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Сатып алу кәсіпорындарында басқару есебін қолдану ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері басқарушылық есеп шаруашылық белсенділік көрсеткіштері бойынша басшылыққа ұсынылатын ақпараттардың сапасын арттыруға бағытталған бухгалтерлік есептің көптеген аспектілерін қамтитынын көрсетті. Басқару бухгалтерлері компания өндірген тауарлар мен қызметтерді сатудан түскен шығындар мен кірістерге қатысты ақпаратты пайдаланады.

 

PDF