Аңдатпа
Қазақстандағы кәсіпорындарды басқарудың стратегиялық модельдеріне қойылатын талаптар цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты едәуір өзгеруде. Зерттеудің мақсаты – бизнесдің цифрлық трансформациясы жағдайында стратегиялық басқарудың заманауи тәсілдерін талдау және орта бизнес секторындағы кәсіпорындардың цифрлық жетілдіруіне ықпал ететін факторларды айқындау. Қойылған міндеттер аясында цифрлық құралдарды енгізудің негізгі бағыттары қарастырылып, олардың ұйымдық үдерістерді оңтайландыруға, басқарушылық шешімдерді тиімді қабылдауға және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға ықпалы бағаланды.
Зерттеу нәтижелері цифрлық трансформацияның табыстылығы стратегиялық жоспарлаудың сапасына, персоналдың құзыреттілік деңгейіне және инвестициялық ресурстардың қолжетімділігіне тәуелді екенін көрсетті. Сонымен қатар, бұл көрсеткіштер Қазақстан бизнесі үшін біркелкі емес болып отыр. Ұлттық контекст ерекшеліктерін ескере отырып, стратегиялық модельдерді бейімдеу және цифрлық дағдыларды жүйелі дамыту қажеттілігі ерекше атап өтіледі. Қорытындысында цифрлық өзгерістерді басқарудың кешенді тәсілі кәсіпорындардың орнықты өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шешуші шарты екені көрсетіледі.