Аңдатпа

Мақалада қазіргі заманғы өнеркәсіптің даму жағдайында өзектілігін жоғалтпаған экологиялық мәселелер мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері қарастырылады. Қоршаған ортаға өнеркәсіптік өндірістің теріс әсерін төмендетудің негізгі бағыттарының бірі ретінде эко-инновациялардың рөліне ерекше назар аударылады. Отандық және шетелдік авторлардың еңбектерінде ұсынылған «эко-инновациялар» ұғымына берілген әртүрлі анықтамалар талданып, олардың тұрақты дамуға қол жеткізудегі маңыздылығы ашып көрсетіледі.

Ғылыми көзқарастарды жалпылау негізінде эко-инновацияларға өнеркәсіптік өндірістің экологиялық таза үдерістерін қалыптастыруға бағытталған идеяларды әзірлеудің нәтижесі ретінде авторлық анықтама ұсынылады. Қазақстан Республикасындағы экологиялық жағдайдың жүйелі және ауқымды сипаттағы мәселелермен ерекшеленетіні атап өтіледі, бұл негізгі экологиялық көрсеткіштерді талдау нәтижелерімен дәлелденеді.

Осыған байланысты эко-инновацияларды өнеркәсіп секторына белсенді түрде енгізу елдің экологиялық жағдайын жақсартудың маңызды құралы ретінде айқындалады.

PDF

Әдебиеттер тізімі