Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсібін дамытудың мәселелері мен перспективалары
DOI:
https://doi.org/10.62687/ESM.8.1.2025.24Кілт сөздер:
Жеңіл өнеркәсіп, тоқыма және тігін өнеркәсібі, бәсекеге қабілеттілік, тұрақты даму, экспорттық әлеует.Аңдатпа
Мақалада экономиканың басым бағыттарының бірі және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бөлігі болып табылатын Қазақстанның жеңіл өнеркәсібінің қазіргі жағдайы қарастырылған. Ішкі нарықтағы отандық өнімнің үлесінің төмендігі, импортқа тәуелділік және шикізатты өңдеу деңгейінің жеткіліксіздігі атап өтілген.
Мәліметтерді талдау және кәсіпорын басшылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша басты мәселелер айқындалды: білікті кадрлардың тапшылығы, салық жүктемесінің жоғары болуы, инвестициялардың жеткіліксіздігі және мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі.
Саланы кластерлік тәсілмен дамыту, цифрландыру, экспортқа бағытталған өндірістерді ынталандыру және мемлекеттің белсенді қатысуы қажеттілігі атап өтіледі.
Зерттеу жеңіл өнеркәсіптің кешенді қолдау шаралары мен инновациялық даму саясаты жүзеге асырылған жағдайда жоғары әлеуетке ие екенін көрсетеді.